• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем Бүгін, 14:05

Сауд Арабияда жол апатынан кейін 20 жыл бойы комада жатқан ханзада көз жұмды

0 рет
көрсетілді

Сауд Арабияда 20 жыл комада жатып, "Ұйқыдағы ханзада" ретінде танылған Аль-Валид ибн Халед ибн Таляль Аль Сауд оянбастан 36 жасында өмірден өтті, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Оның әкесі, ханзада Халед ибн Таляль ибн Абдулазиз әлеуметтік желідегі парақшасында суық хабармен бөлісті.

Аль-Валид 2005 жылы Лондонда оқып жүрген кезінде жол апатына түсіп, миына қан құйылып, комаға түскен болатын. Содан бері ол Эр-Риядтағы король Абдулазиз атындағы медициналық орталықта жасанды тыныс алу аппаратында, дәрігерлердің бақылауында жатты.

Оның әкесі ұлының өмірін қолдаушы аппараттардан ажыратуға үзілді-кесілді қарсы болды. Жылдар бойы Аль-Валидті емдеуге АҚШ пен Испаниядан келген шетелдік мамандар да атсалысты. Алайда бұл ұзақ әрі қажырлы ем-дом нәтиже бермеді. Ханзада бірнеше жыл комада жатып есін жимастан көз жұмды.