• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт Кеше

Трофи-рейдтен Қонаевта ел чемпионаты өтті 

30 рет
көрсетілді

2025 жылғы спорттық күнтізбеге сай бес кезеңнен тұратын трофи-рейдтен Қазақстан чемпионаты Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Алматы облыстарында ұйымдастырылып, ақтық кезең Қапшағай жағалауында өтіп, маусым жеңімпаздарын анықтады, деп жазады Egemen.kz.

Жол талғамайтын көліктер додасына еліміздің 10 өңірінен жиналған 46 экипаж (92 спортшы – пилот пен штурман) ТР-0, ТР-1, ТР-2, ТР-3 санаттары бойынша бақ сынады.

Жалпы трофи спорты екі бағдарламаға негізделген: алғашқысы – тау-тас, сай-қыр, орман-тоғай мен өзенді еңсеріп, жасырынған «GPS» нүктелерін бағындыру болса, екіншісі – ең қызықты бөлік саналатын айналмалы жарыс. Жол талғамайтын техникасын саз-балшыққа белден батырып, мәре сызығына ұмтылған экипаждар сайысы ерекше әсер қалдырды.

 Нұрпейіс ҚОНЫСБАЙ,

автомотоспорттан мемлекеттік жаттықтырушы