Туризм • Кеше

Елге келген туристердің ақшасының ең көп бөлігі тамақтануға жұмсалады

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Kazakh Tourism ұлттық компаниясының мәліметінше, Қазақстанда шетелдік қонақтардың шығындарының шамамен үштен бірі қоғамдық тамақтану саласына бағытталады екен, деп жазады Egemen.kz.

Елге келген туристердің ақшасының ең көп бөлігі тамақтануға жұмсалады

Фото Depositphotos.com

Туристердің 27%-ы мейрамханалар мен дәмханаларға барауға қаржы жұмсайды. Тұрғын үйге жұмсалатын шығындар 23% шамасында. Тағы 23% туристердің шығындары азық-түлік, кәдесыйлар және ұлттық өнімдерді сатып алуға тиесілі.

«Бұл көрсеткіш шетелдік қонақтардың отандық гастрономияға және қоғамдық тамақтану мәдениетінің дамуына деген қызығушылығын айғақтайды», деп атап өтті ұлттық компанияда.

Орта есеппен шетелдік туристердің шығын құрылымы төмендегідей:

-шамамен 12% – әуе тасымалына;

-4% – елдің көрікті жерлерімен және табиғи ландшафттарымен өз бетінше танысу мақсатында автокөлік жалдауға;

-тағы 4% – мәдени және спорттық іс-шараларға қатысуды қамтитын спорттық және рекреациялық қызметтерге;

-3% – зергерлік бұйымдар, өнер туындылары мен антиквариат сатып алуға жұмсалады.

Биылғы 9 айдың ішінде Қазақстанға 12,2 миллионнан астам шетелдік азамат келген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 730 мың адамға көп.