Фото: Ашық дереккөз
Аталған жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
«Алдын ала мәлімет бойынша Honda Odissei автокөлігінің жүргізушісі алда қозғалып бара жатқан HOWO жүк көлігінің тіркемесіне соқтығысқан. Жол апаты салдарынан жеңіл автокөлікте болған жеті адамның бәрі, оның ішінде жүргізуші де алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты», деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.