Әкімнің айтуынша, мұндай өсімге жоғары технологиялық өндірістерді іске қосу арқылы қол жетіп отыр. Мысалы, биыл Қостанайда іске қосылған «KIA» зауыты 68 өнеркәсіптік роботпен жабдықталған. Аталған кәсіпорында өндірістік желілердің 60%-ы автоматтандырылған. Ал «KamLitKZ» кәсіпорындарында өндіріс тиімділігін 15%-ға арттыратын ЖИ және машиналық көз жүйелері енгізілген.
«Заманауи өндірістер жаңа форматтағы мамандарды талап етеді. Осыған байланысты өңірдің ЖОО-да әлемнің жетекші университеттерімен қос дипломды білім беру бағдарламалары ашылды. «Ақпараттық технологиялар» мамандығына басымдық беріліп отыр, соған сәйкес жасанды интеллект кафедрасы ашылды», дейді облыс әкімі.
Жалпы, биылғы 10 айдың ішінде өңірдің өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 2 трлн теңгені құрап отыр. Оның ішінде машина жасау саласындағы өсім 22,6%-ға жетті.