• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт Бүгін, 16:40

Еуро-2026: Қазақстан құрамасы соккадан финалға шықты

Қазақстан құрамасы Албанияның Тирана қаласында өтіп жатқан соккадан Еуропа чемпионатының жартылай финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Финалға шығу жолындағы матчта қазақстандықтар Мажарстан құрамасын 2:0 есебімен жеңді. Кездесудің алғашқы минуты аяқталар тұста Темірлан Әділов есеп ашса, ойынның 16-минутында Диас Егінжанов басымдықты арттырды. Үзілістен кейін отандық футболшылар жеңісті есепті сақтап, матчты өз пайдасына аяқтады.

Осылайша, Қазақстан құрамасы турнир финалына жолдама алды. Енді қазақстандық спортшылар шешуші кездесуде Испания мен Сербия арасындағы екінші жартылай финал жеңімпазымен ойнайды.

Бұған дейін Еуро-2026 плей-офф кезеңінде Қазақстан 1/8 финалда Германияны 4:0 есебімен, ал ширек финалда Польшаны 1:0 есебімен жеңген болатын.

Айта кетейік, FIFA 2027 жылға дейін 100 шағын футбол алаңын салады.

Соңғы жаңалықтар