• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Туризм Бүгін, 11:45

Оқушылардың дене шынықтыру сабақтары Almaty SuperSki курортында өтеді

Алматылық оқушылар дене шынықтыру сабағын енді Almaty SuperSki курортының аумағында өтеді. Бұл туралы Үкімет отырысында Kazakh Tourism Development LTD компаниясының бас директоры Ержан Еркінбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оның айтуынша, жаңа тау курортында жалпы ұзындығы 60 шақырым болатын тау-шаңғы трассалары салынады. Курорт күніне 10 мыңнан астам шаңғышыны қабылдай алады. Трассалардың 70 пайызы жасыл және көк санатқа жатады, яғни балалар мен шаңғы спортымен енді айналыса бастағандарға қолайлы болады.

«Жоба аясында Алматы қаласының әкімдігімен бірлесіп, болашақ курорт аумағында мектеп оқушыларына арналған дене шынықтыру сабақтарын өткізу мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл тәжірибе Еуропаның бірқатар елінде кеңінен қолданылады. Мәселен, Аустрияда жыл сайын 80 мыңнан астам оқушы мектеп бағдарламасы аясында шаңғы спортымен айналысса, Швейцарияда 128 мыңнан астам бала қысқы спорттық-сауықтыру бағдарламаларына қатысады. Франция мен Италияда мектеп оқушыларының тау шаңғысы курорттарына баруын қолдайтын мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылады», деді Ержан Еркінбаев.

Туризмнің ел экономикасына қосқан үлесі 5 трлн теңгеге жетті

Болашақта курорт аумағында 11 заманауи аспалы жол салынбақ. Сол арқылы келушілер Медеу стансасынан Құмбел шыңына дейін еш кедергісіз жете алады. Компания басшының айтуынша, аспалы жолдардың қызметін зейнеткерлер, балалар және мүмкіндігі шектеулі жандар үшін тегін ету жоспарланып отыр.

Айта кетейік, Almaty SuperSki курорты 2028 жылдың соңында пайдалануға берілмек. Бұған дейін жобаға қатысты Алматы қаласында қоғамдық тыңдалым өтіп, туристік бастама кәсіпкерлер, сарапшылар мен тұрғындар тарапынан қолдау тапқан болатын.  

 

Соңғы жаңалықтар