Отандық туризмді дамыту үшін шетелдік қонақтардың Қазақстанға келуі мен елде болуының жеңілдетілген тәртіптері қолданылады. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Ішкі істер министрі Ержан Сәденов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оның айтуынша, республикада процестерді цифрландырумен қатар көлік қолжетімділігі де белсенді түрде дамып келеді. Сонымен бірге негізгі туристік аймақтарда демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп отыр.
«Қазіргі таңда 105 елдің азаматы елшіліктерге жүгінбей-ақ электрондық виза арқылы Қазақстанға кіре алады. Сонымен қатар виза беру де ұйымдастырылған. IT-мамандарға арналған Digital Nomad Visa және туристерге арналған Neo Nomad Visa. Қабылдаушы тарап шетелдік азаматтың келуі туралы хабарламаны онлайн форматта жолдайды», деп атап өтті Ержан Сәденов. Қазақстандықтар визасыз бара алатын елдер көбейдіСондай-ақ әуежайларда және ірі шекара өткелдерінде QR-коды бар «туристік карталар» беріледі. Онда елімізде болу ережелері, шұғыл қызметтер мен байланыс операторлары туралы қажетті ақпарат орналастырылған.
Көші-қон қызметтерінің ауқымын кеңейту мақсатында QazETA мобильді қосымшасы әзірленіп жатыр. Туристік полиция бөлімшелері 18 аймақтың көрікті жерлері мен ұлттық саябақтарында қызмет атқарады. Қызметкерлер шет тілдерін меңгерген.
Шетелдік инвесторлар үшін «Алтын виза» режимі енгізіледі
Айта кетейік, 2026 жылдың 1 мамыры мен 1 қазаны аралығында Қазақстан азаматтары жарамды жол жүру құжаты негізінде Черногория аумағына визасыз кіріп, елде транзитпен жүре алады немесе 30 күнге дейін бола алады.