Журналистер Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұркен Шәрбиевтен үш жыл бұрынғы «Семей орманы» аумағындағы ірі орман өртінен кейін қандай сабақ алынғанын және осы уақыт ішінде қандай өзгерістер болғанын сұрады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Вице-министрдің айтуынша, қайғылы оқиғадан кейін орман шаруашылығын дамыту мен өрт сөндіру жүйесін жаңғыртуға 20 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген.
Осы уақыт аралығында орман шаруашылықтары үшін 371 өрт сөндіру автокөлігі, 529 шағын орман өртін сөндіру кешені, 853 трактор, 253 патрульдік автокөлік және басқа да арнайы техника сатып алынған.
Аумағы миллион гектардан асатын «Арал орманы» резерваты құрылады
Сондай-ақ министрлік мәліметінше, орман шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысы екі есе өскен. Өрт сөндіру жұмыстарына қатысатын мамандарға қауіпті еңбек жағдайы үшін 100 пайыздық үстемеақы енгізілген.
Қазіргі таңда өрт сөндіру көлігінің жүргізушісі орта есеппен 275 мың теңге, орман өрт сөндірушісі шамамен 250 мың теңге, ал орман өрт сөндіру станциясының басшысы 355 мың теңге көлемінде жалақы алады.
Олжас Бектенов «Семей орманында» ЖИ негізіндегі өртті ерте анықтау жүйесін тексерді
Министрлік өкілдері «Семей орманы» резерватында өрт сөндіру техникасының паркі толық жаңартылғанын да атап өтті.