• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әскер Бүгін, 13:05

9 маусым – арнайы мақсаттағы әскери бөлімшелер күні

Арнайы мақсаттағы бөлімшелер елдің күштік құрылымдарындағы элиталық топ саналады. Олар жоғары кәсіби даярлығымен, мінсіз машығымен және күрделі жағдайларда жедел шешім қабылдау қабілетімен ерекшеленеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оларға ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, терроризм мен экстремизмге қарсы күрес, мемлекеттің егемендігін қорғау және азаматтардың қауіпсіздігін сақтау сияқты маңызды міндеттер жүктелген.

Арнайы беретті иелену – әскери қызметшінің жоғары дайындық деңгейінің символы. Бұл сынақтар үміткерлерден төзімділік, психологиялық тұрақтылық және тактикалық, атыс, арнайы дайындықтың жоғары деңгейін талап етеді.

Қазақстанда әскери оқу орындарының үздік түлектеріне «аға лейтенант» атағы беріледі

Отандық арнайы жасақ халықаралық деңгейде де жоғары нәтиже көрсетіп келеді. Олар беделді жарыстар мен оқу-жаттығуларда жауынгерлік дайындық пен кәсіби шеберлігін дәлелдеді. Биыл UAE SWAT Challenge 2026 турнирінде Қазақстан командалары 48 елдің 109 командасы арасында үздік нәтиже көрсетіп, жалпы есепте бірінші және екінші орындарды иеленді. «Томирис» командасы әйелдер арасында жеңімпаз атанды.

Бүгінде арнайы мақсаттағы бөлімшелер заманауи технологияларды меңгеріп, жауынгерлік әлеуетін күшейтіп жатыр. Олар мемлекет қауіпсіздігінің сенімді тірегі болып қала береді.

Айта кетейік, бұған дейін елімізде 29 мамыр – бітімгерлер күні аталып өтті. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, 2014 жылдан бері 900-ден астам отандық әскери қызметші Біріккен Ұлттар Ұйымының түрлі бітімгерлік миссияларына қатысқан.

Соңғы жаңалықтар