Қазақстан құрамасы жолдастық кездесуде Мажарстан құрамасынан жеңіліс тапты, деп хабарлайды Egemen.kz
Ойынның алғашқы таймында қазақ футболшылары белсенді өнер көрсетті. Біздің жігіттер жоғары қарқынмен қысым көрсетіп, бірнеше қауіпті шабуыл жасады. Соның нәтижесінде 9-минутта Максим Самородовтың пасынан Сергей Малый голға айналдырды.
Үзілістен кейін алаң иелері бастаманы өз қолына алды. 53-минутта Доминик Собослаи айып алаңына бағытталған пасты сәтті пайдаланып, таразы басын теңестірді.
Алайда қазақстандықтарға ойын қарқынын сақтап қалу қиынға соқты. 62-минутта Максим Самородовқа төреші ескерту жасады. Екінші сары қағаз алған Самородов алаңнан қуылды.
Сан басымдығын пайдаланған венгриялықтар бес минуттан кейін алға шықты. 67-минутта Андраш Шефер алыстан дәл соққы жасап, Қазақстан қақпасына гол соқты.
Осыдан кейін ойын тартысты күреске ұласты. Кей сәттерде ойын қарқыны жолдастық кездесудің деңгейінен асып түсті.
Кездесудің соңғы нүктесін Раймунд Тот қойды. Ол қосымша уақытта Қазақстан құрамасының қақпасына үшінші голды соғып, кездесудің қорытынды нәтижесін белгіледі. Есеп 3:1.
Голдар: Сергей Малый, 9 (0:1); Доминик Собослаи, 52 (1:1); Андраш Шефер, 67 (2:1); Раймунд Тот, 90+2 (3:1).
Қазақстан мен Венгрия құрамалары үшін бұл маусымдағы екінші жолдастық матч болды. Бұған дейін Талғат Байсуфинов шәкірттері Армения құрамасымен 1:1 есебімен тең түссе, мажарлықтар Финляндияны 2:1 есебімен жеңген еді.