Мен – қарапайым еңбек адамымын. Бірақ жас кезімде елдің саяси өміріне араластым. Сондықтан қазір жас келсе де елдің саяси, экономикалық, әлеуметтік жағдайының барлығын қадағалап отырамын. Біздің елдегі сындарлы саясаттың арқасында Қазақстан бүгінгідей зор дәрежеге жетті. Айналамыздағы мемлекеттердегі бейберекеттікті естіп, көріп отырып, өз елімдегі бауырмал тыныштық үшін тәубе етіп отырамын. Халықаралық жағдайдың қылпылдап, экономикалық дағдарыс бүкіл дүниені буып тұруына байланысты біздің елде де тындырылатын көп істің барлығын Елбасы айтқан болатын. Халқымыз «басшы дұрыс болмай, қос түзелмейді» дейді. Халық бекер айтпайды. Айналамызда мемлекет тізгінін ұстағандарды қуып шыққандарды да көрдік. Көреген, дана басшы ғана халқын қиын-қыстаудан алып шығады. Оның да куәсіміз. Сондықтан қиын кезде, алдымен Мемлекет басшысын таңдап алу керек болды. Біздегі кезектен тыс Президент сайлауы дер уақытындағы шешім екенінде дау жоқ.
Мен Қостанай қаласындағы өзім дауыс беретін №31 сайлау учаскесіне түстен кейін бардым. Соның өзінде сайлаушылар легі толастамапты, лек-легімен келіп жатты. Айналайын, халқымның бірлігіне, Отанымыздың болашағын әркім өз бала-шағасының болашағы деп түсінген жауапкершілігіне риза болдым. «Бірлік болмай, тірлік болмайды». Аталарымыз аттың жалында, түйенің қомында жүріп қорғап, тастап кеткен жерді түлету әр ұрпақтың қасиетті парызы болмақ. Сол үшін еңбек ету керек. Еңбек болмаса адам азады, жер тозады. Мен зейнеткерлікке шыққанша трактордан түскен жоқпын. Балаларымды да еңбекке баулыдым. Бүгінгі сайлауда ұл-қыздарым, келіндерім мен күйеу балаларым, немерелерім – бір әулет болып дауыс бергенімізді мақтан тұтамын.
Сайлауда мен елдің тыныштығы мен бірлігі үшін дауыс бердім, таңдауымды жасадым. Біздің елімізде еңбек ету үшін барлық жағдай жасалған, ең бастысы, алакөздік жоқ, бірлік, ұлт пен этностар арасындағы адами сыйластық бар. Тыныштық барда еткен еңбектің қайтарымы әманда болады. Мен дауыс беріп тұрып соны ойладым.
Кәмшат ДӨНЕНБАЕВА,
Социалистік Еңбек Ері.
ҚОСТАНАЙ.

Ақмола облысында 18 жастағы жасөспірімді бұрынғы сыныптасы пышақтап кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:55
Ақтауда МАЭК-тің екі жұмысшысы тұз қышқылына күйіп қалды
Аймақтар • Бүгін, 13:34
Түркістанда көпқабатты тұрғын үй жанындағы дүкен өртенді
Аймақтар • Бүгін, 12:48
Өскемендегі базарда жеке кәсіпкер көкөністердің бағасын негізсіз өсірген
Аймақтар • Бүгін, 12:33
Алматыда қытайлық компания заманауи қоқыс өңдеу зауытын салады
Экология • Бүгін, 11:59
Нидерланд Корольдігі Жамбыл облысына 40 мың түп қызғалдақ сыйлады
Аймақтар • Бүгін, 11:08
Вашингтонда тағы да атыс болды: Дональд Трамп шұғыл түрде эвакуацияланды
Әлем • Бүгін, 10:53
Алматы әуежайындағы терминалдарды жаңарту жұмыстары қашан аяқталады?
Инфрақұрылым • Бүгін, 10:15
Доллар, еуро, рубль: 26 сәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:35
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 09:10