Әлем • Бүгін, 14:05

Сауд Арабияда жол апатынан кейін 20 жыл бойы комада жатқан ханзада көз жұмды

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сауд Арабияда 20 жыл комада жатып, "Ұйқыдағы ханзада" ретінде танылған Аль-Валид ибн Халед ибн Таляль Аль Сауд оянбастан 36 жасында өмірден өтті, деп хабарлайды Egemen.kz

Сауд Арабияда жол апатынан кейін 20 жыл бойы комада жатқан ханзада көз жұмды

Оның әкесі, ханзада Халед ибн Таляль ибн Абдулазиз әлеуметтік желідегі парақшасында суық хабармен бөлісті.

Аль-Валид 2005 жылы Лондонда оқып жүрген кезінде жол апатына түсіп, миына қан құйылып, комаға түскен болатын. Содан бері ол Эр-Риядтағы король Абдулазиз атындағы медициналық орталықта жасанды тыныс алу аппаратында, дәрігерлердің бақылауында жатты.

Оның әкесі ұлының өмірін қолдаушы аппараттардан ажыратуға үзілді-кесілді қарсы болды. Жылдар бойы Аль-Валидті емдеуге АҚШ пен Испаниядан келген шетелдік мамандар да атсалысты. Алайда бұл ұзақ әрі қажырлы ем-дом нәтиже бермеді. Ханзада бірнеше жыл комада жатып есін жимастан көз жұмды.