Бұрын бөбектерін қай тілде тәрбилейтініне қарамай жақын жердегі балабақшаға беруге дағдыланған көптеген ата-ана қазір тек қазақ тіліндегі балабақша іздейтін болған.
Жуырда Жұмысшы кентінде тұратын ата-аналар осы шағын ауданда бірде-бір қазақ тілінде тәрбиелейтін балабақша жоқ екенін айтып дабыл көтерді.
Білім басқармасының дерегіне қарағанда, 220 мыңнан артық тұрғыны бар, оның ішінде 35 пайыздайы қазақ тұрғындар тұратын шаһарда тек 5-ақ балабақша мемлекеттік тілде тәрбие береді екен.
Биыл «Солнышко», «Росинка» және «Гулливер» атты балабақшаларда ғана қазақ тілінде тәрбиелейтін топтар ашылыпты.
Әрине бұл мәселені бірден реттеуге мүмкіндік жоқ. Дегенмен жергілікті билік желтоқсан айында ашылатын 280 орындық балабақша мәселені шешуге айтарлықтай ықпал етеді деп отыр.
ПЕТРОПАВЛ