Жуырда Әбу Дабиде Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшісі Қайрат Лама Шариф БАӘ Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Ахмед Жұма әз-Зағабимен кездесіп, екі мемлекет қатынастарын одан әрі дамыту және тереңдету төңірегінде пікір алмасты, деп хабарлады СІМ-нің баспасөз қызметі.
Қазақстандық дипломат Дубай халықаралық қаржы орталығы үлгісі негізінде Астана халықаралық қаржы орталығын құру туралы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасын бірлесіп іске асыру екіжақты ынтымақтастыққа жаңа серпін беретінін атап өтті.
Ахмед Жұма әз-Зағаби өз кезегінде Астанада бой көтеріп келе жатқан «Әбу Даби Плаза» кешенін екі ел басшылары арасындағы шынайы достықтың және қарқынды мемлекетаралық ынтымақтастықтың жарқын белгісі ретінде бағалады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев пен БАӘ Президенті шейх Халифа бен Заид әл-Нахаянның арасындағы өзара уағдаластықтың арқасында Астана қаласында Қазақстан-Әмірліктер зияткерлік орта мектебінің құрылысы басталды. Шейх Халифа атындағы Қайырымдылық қоры 13 млн. АҚШ доллары көлемінде тегін грант бөліп, мектеп құрылысының жобасын Астана қаласы әкімдігімен бірлесіп іске асыруда.
Кездесу соңында Қ.Лама Шариф сұхбаттасына Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына арналған мерекелік шараларға қатысуға қазақстандық тараптың ресми шақыруын табыс етті. Шақыру зор ризашылықпен қабыл алынды.
«Егемен-ақпарат».

Алматы облысының тауларында туристік микроавтобус шатқалға құлап кетті
Аймақтар • Бүгін, 16:05
Төрт боксшымыз Әлем кубогі кезеңінің алтын жүлдесіне таласады
Спорт • Бүгін, 15:55
Бизнесмендер мен экономистер министрдің реформасына наразылық білдірді
Қоғам • Бүгін, 15:23
Ақмола облысында 18 жастағы жасөспірімді бұрынғы сыныптасы пышақтап кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:55
Ақтауда МАЭК-тің екі жұмысшысы тұз қышқылына күйіп қалды
Аймақтар • Бүгін, 13:34
Түркістанда көпқабатты тұрғын үй жанындағы дүкен өртенді
Аймақтар • Бүгін, 12:48
Өскемендегі базарда жеке кәсіпкер көкөністердің бағасын негізсіз өсірген
Аймақтар • Бүгін, 12:33
Алматыда қытайлық компания заманауи қоқыс өңдеу зауытын салады
Экология • Бүгін, 11:59
Нидерланд Корольдігі Жамбыл облысына 40 мың түп қызғалдақ сыйлады
Аймақтар • Бүгін, 11:08
Вашингтонда тағы да атыс болды: Дональд Трамп шұғыл түрде эвакуацияланды
Әлем • Бүгін, 10:53
Алматы әуежайындағы терминалдарды жаңарту жұмыстары қашан аяқталады?
Инфрақұрылым • Бүгін, 10:15
Доллар, еуро, рубль: 26 сәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:35
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 09:10