Әлем • Бүгін, 15:50

Пәкістанда пойызда жарылыс болып, 24 адам қаза тапты

1 мин
оқу үшін

Бүгін Пәкістанның оңтүстік-батысындағы Белуджистан провинциясында пойызда жарылыс болып, салдарынан 24 адам қаза тапты. Тағы 82 адам жарақат алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Пәкістанда пойызда жарылыс болып, 24 адам қаза тапты

Фото: Shutterstock

Мерекеге байланысты үйлеріне қайтып бара жатқан құқық қорғау органдары қызметкерлері мінген пойыз Кветта қаласындағы әскери лагерьден шыққан. Дереккөздердің мәліметінше, жарылыс жергілікті уақыт бойынша шамамен сағат 8:05-те болған.

Салдарынан бірнеше вагон рельстен шығып кеткен, олардың екеуі өртенген. Сондай-ақ маңайда тұрған көліктер де зақымданған. Қаза тапқандар мен зардап шеккендердің арасында әйелдер мен балалар бар екені айтылды.

57 жараланған адам әскери госпитальға, тағы 25 адам Кветтадағы азаматтық ауруханаға жеткізілді.

Сиднейде лаңкестің қаруын тартып алған мұсылман кісіге 2 млн доллар табысталды

Алдын ала тергеу нәтижесіне сәйкес, лаңкес 70 килограмнан астам жарылғыш зат тиелген автокөлікті жарып жіберген.

 

 

 
Соңғы жаңалықтар

Таразда көлік өртенді

Қоғам • Бүгін, 13:22