Фото: ҚР ТЖМ
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, филиал Арыс қаласында орналасқан және мемлекеттік материалдық резерв сақтау нысандарын орналастыруға қажетті көлік инфрақұрылымына ие.
Жоба аясында заманауи қойма үй-жайларын, әкімшілік-тұрмыстық корпусты, өрт сөндіру депосын және ілеспе инженерлік инфрақұрылымды салу көзделген. Нысандардың бір бөлігі арнайы сақтау шарттарын талап ететін материалдық ресурстарды сақтауға арналатын болады.
Биыл Шығыс Қазақстан облысында екі жаңа әуежайдың құрылысы аяқталады
Бүгінгі таңда негізгі инженерлік іздестіру және дайындық жұмыстары аяқталды. Жобаны іске асыру материалдық ресурстарды сақтау мүмкіндіктерін кеңейтіп, мемлекеттік материалдық резерв жүйесінің тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік береді.