Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде қала тұрғындарына ашық ауада, әсіресе автокөлік жолдарының бойында немесе лас, шаң-тозаң көтерілетін жерде болмауға кеңес беріледі. Өкпенің созылмалы ауруларынан, жүрек-қан тамырлары, аллергиялық аурулардан зардап шегетін адамдар ашық ауада болған кезде өздерімен бірге қажетті дәрі-дәрмектерді алып жүруі керек.