Фото: Ашық дереккөз
Жеңімпаз барлық ұтыс санын дәл тапқан. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, ұтыс көлемі шамамен 66,7 миллиард теңге.
Лотерея билеті бір адамға немесе оны бірге сатып алған бірнеше адамға тиесілі болуы мүмкін. Әзірге бұл туралы нақты ақпарат жарияланған жоқ.
Eurojackpot-та жеңіске жету үшін 50 санның ішінен бес санды және 12 санның ішінен екі қосымша санды табу қажет. Бұл жолы 5, 11, 23, 33, 42 сандары, сондай-ақ 10 және 12 қосымша сандары ұтысты комбинация болды.
Бұған дейін бас жүлде қатарынан 13 тираж бойы ойнатылмаған. Соның нәтижесінде джекпот көлемі ең жоғары деңгейге – 120 миллион еуроға дейін өскен.
Сондай-ақ Германия мен Норвегия тұрғындары да ірі ұтысқа ие болды – әрқайсысы 4 миллион еуродан ұтып алған.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, Eurojackpot лотереясының бас жүлдесі 140 миллион адамның ішінен тек бір адамға бұйырады.