Форум • Бүгін, 08:40

Экология – өндіріс үдерісінің ажырамас бөлігі

5 мин
оқу үшін

Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай Астанада «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның ұйымдастыруымен экологиялық форум өтті. Жиынға «QazaqGaz» ұлттық компаниясының еншілес кәсіпорындарының басшылары мен мамандары, өндірістік филиалдардың экологтары, салалық сарапшылар мен шақырылған спикерлер қатысты. Басқосудың негізгі тақырыбы – газ тасымалы саласында экологиялық жүктемені азайтудың тиімді жолдарын қарастыру және қоршаған ортаны қорғау қағидаттарын өндіріске енгізу болды.

Экология – өндіріс үдерісінің ажырамас бөлігі

Бүгінде ірі компаниялар үшін экология мәселесі тек нормативтік талаптарды орындаумен ғана шектелмейді. Бұл бағыт өндіріс тиімділігін арттыруға, жабдықтарды жаңғыртуға және бизнестің ұзақмерзімді тұрақтылығына тікелей әсер ететін маңызды үдеріске айналып келеді.

Форумды аша отырып, «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасының бірін­ші орынбасары Ақбар Тулегенов қатысу­шыларды құттықтап, Экологиялық күн тәртібінің компания қызметінің негізгі бағыттарының бірі ретінде маңыздылығын атап өтіп, форум қатысушыларына тиімді жұмыс, мазмұнды тәжірибе алмасу және тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге және қоршаған ортаны сақтауға ықпал ететін практикалық шешімдер әзірлеуді тіледі.

«Интергаз Орталық Азия» АҚ-дағы экологиялық жұмыс жеке бағыт ретін­де емес, газ тасымалдау инфра­құры­лы­мының сенімділігімен тікелей байланыс­ты өндірістік үдерістің бөлігі ретінде қарастырылады.

Өткен жылдың қорытындысы бойын­­ша қоршаған ортаны қорғауға жұм­­салған шығындар алдыңғы кезең­мен салыстырғанда екі есеге жуық, ал экологиялық жобаларға салынған күрде­лі жұмсалымдар 50 пайызға өсті. Инвес­тициялар ең алдымен ұзақмерзімді нәтиже беретін жобаларға, атап айтқанда: экологиялық тәуекелдерді азайтуға, өндірістік инфрақұрылымды жаңартуға, энергия тиімділігін арттыруға және пар­никтік газ қалдықтарын азайтуға бағытталады.

Мәселен, атмосфераға таралатын лас­таушы заттардың мөлшері белгіленген нормадан асқан жоқ.

Жиында қалдықтарды басқару мәсе­лесі де ерекше талқыланды. 2025 жылы қалдықтардың түзілуі белгіленген лимиттің шамамен 34 пайызын құрады. Кәсіпорын ішінде өндірістік филиалдардан бастап орталық аппаратқа дейінгі барлық деңгейді қамтитын және экологиялық заңнама талаптарына негізделген бірыңғай қалдықтармен жұмыс істеу жүйелі жолға қойылған.

л

Сонымен қатар форум күн тәртібінде декарбонизация мәселесіне де үлкен мән берілді. Компания жыл сайын халықаралық стандарттарға сай Scope 1 және Scope 2 жіктелімі бойынша пар­никтік газ шығарындыларын түген­деуден өткізеді. Бұған компанияның өз қызметінен бөлінетін тікелей шыға­рындылар да, электр және жылу энергиясын тұтынуына байланысты жанама шығарындылар да кіреді.

Компания әзірлеген «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның 2033 жылға дейінгі төмен көмірсутекті дамыту бағдарламасы технологиялық және ұйымдастырушылық шешімдер есебінен көміртегі ізін дәйекті төмендетуді көздейді. Атқарылатын шаралардың қатарында: герметикалық емес бекіту арматураларын ауыстыру, табиғи газдың жылыстауын жою, компрессорлық станцияларды жаңғырту, энергия тиімділігі жоғары жабдықтарға көшу және жекелеген нысандарда жаңартылатын энергия көздерін енгізу бар.

Компания ішіндегі экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселесі де назардан тыс қалған жоқ. Жыл бойы филиалдарда «Пластиксіз күн», «Жер сағаты», «Автомобильсіз күн» акциялары, сондай-ақ экологиялық сабақтар мен сенбіліктер өткізілді. Оған қоса, аумақтарды көгалдандыру жұмыстары ерекше атап өтілді. Осы бастама аясында 8 мыңнан аса көшет отырғызылды.

Мұндай жобалар тек корпоративтік әлеуметтік жауапкершіліктің бір бө­лігі ғана емес, сонымен бірге қызмет­керлер арасында экологиялық ойлауды қалыптастырудың, ұжымның белсен­ділігін арттырудың және қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін дамытудың құралы ретінде қарастырылады.

«Мемлекет басшысының бастамаларын, оның ішінде «Таза Қазақстан» бағдарламасын қолдай отырып, біз заманауи экологиялық стандарттарды жүйелі түрде енгізіп, табиғатты қорғау қызметінің тиімділігін арттырып келеміз», – деді «Интергаз Орталық Азия» АҚ Бас директорының орынбасары Азамат Давлетов.

 Форум соңында табиғатты қорғау қызметін дамытуға елеулі үлес қосқан мамандарға Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің, «Kazenergy» және «Ecojer» салалық қауымдастықтарының, сондай-ақ «QazaqGaz» ҰК» АҚ-ның марапаттары табыс етілді.

Аталған форум газ саласындағы экологиялық күн тәртібінің бірте-бірте жүйелі өндірістік саясаттың ажырамас бөлігіне айналып келе жатқанын көрсетті. Жұмыс нәтижесін бағалауда жарияланған бастамалардың саны емес, нақты көрсеткіштер, инвестиция көлемі мен жер-жерлерде жүзеге асырылған жобалар басты орынға шықты.

Соңғы жаңалықтар