Әлем • Бүгін, 09:41

Иран мен Израиль атысты тоқтатты: Таяу Шығыстағы шиеленіс бәсеңдей ме?

1 мин
оқу үшін

Иран мен Израиль әзірге шабуылдарды тоқтатты. Бұған АҚШ президенті Дональд Трамптың үндеуі ықпал еткен, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Иран мен Израиль атысты тоқтатты: Таяу Шығыстағы шиеленіс бәсеңдей ме?

Фото: Ашық дереккөз

Бұған дейін Израильдің Бейрут маңына жасаған шабуылынан кейін Иран Тел-Авивке зымыран атқан еді. Қазір қос тарап атысты уақытша тоқтатқан. Reuters мәліметінше, бұған АҚШ президенті Дональд Трамптың үндеуі ықпал еткен.

Иран-Израиль қақтығысы шиеленісіп тұр

Тель-Авив өз шабуылын «Хезболла» нысандарына жасалған соққы деп ақталды. Сөйтіп екі елдің арасында соғыс қайта басталып кете жаздады. АҚШ тараптарды бұған дейін жүріп жатқан келіссөздерді жалғастыруға шақырған болатын.  Кейінірек Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху әзірге Иранға қарсы соққы жасалмайтынын айтты. Осы ретте Иран, Израиль, Ливанға шабуылды тоқтатса олар да атысты тоқтататынын айтқан.

Иран АҚШ базаларына соққы жасағаны хабарланды

Еске салайық, наурыз айында Иран Израильдің ең ірі мұнай өңдеу зауыттарына шабуыл жасаған еді.

Соңғы жаңалықтар