Елорда • Бүгін, 13:25

Астанада Тілендиев даңғылы ішінара жабылады

1 мин
оқу үшін

Қаланың Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Н. Тілендиев даңғылының Сарыарқа даңғылынан Баршын көшесіне дейінгі аралығында жолдың жоғарғы қабатын салу жұмысын жүргізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада Тілендиев даңғылы ішінара жабылады

Фото: Ашық дереккөз

Елорда әкімдігінің мәліметінше аталған жұмыстар 9-20 маусым аралығында жүргізіледі. Осы уақытта көлік қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады.

122 нысан қамтылады: Қай өңірлерде жол жөндеу жұмыстары басталды?

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет.

«Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады», делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар