Қоғам • Бүгін, 14:15

Олжас Бектенов туристік бағыттарға әуе және теміржол рейстерін көбейтуді тапсырды

1 мин
оқу үшін

Олжас Бектенов танымал туристік бағыттар бойынша әуе рейстері мен теміржол орындарының санын көбейтуді тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz

Олжас Бектенов туристік бағыттарға әуе және теміржол рейстерін көбейтуді тапсырды

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында туристік объектілердің халық үшін көліктік қолжетімділігін қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.

«Халықтың тарапынан танымал әрі шалғайдағы туристік бағыттарға көлікпен қатынаудың қиындығы туралы шағымдар келіп жатыр. Әуе және теміржол билеттерінің тапшылығы мен бағасының қолжетімділігі де алаңдаушылық туғызады», деп атап өтті Олжас Бектенов.
«Байқоңыр» ғарыш айлағы әлемдік деңгейдегі туристік орталыққа айналады

Көлік министрлігіне әуе компаниялары және «Қазақстан темір жолымен» бірлесіп, демалушылар үшін қолайлы бағамен танымал курорттық бағыттарға рейстерді және орындар санын арттыру шараларын қабылдау тапсырылды.

Айта кетейік, Қазақстанда туризм саласының табысы 5 трлн теңгеге жетті. Қазіргі уақытта бұл салада 600 мыңнан астам адам еңбек етеді.

Соңғы жаңалықтар