Фото: Ашық дереккөз
Еске салайық, Мемлекет басшысы зейнетақы жүйесінің басты мақсаты азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз ету екенін бірнеше рет атап өткен болатын. Президенттің айтуынша, мақсат – барлық жинақты қазір таратып беру емес, өйткені бұл адамдарды қартайғанда лайықты зейнетақысыз қалдыруы мүмкін.
Сарапшылардың айтуынша, шешіп алынған қаражат көлемі азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз етуге бағытталған сомалардан айтарлықтай асып түскен.
Зейнетақы жинағын алудың жаңа жеткіліктілік шектері жарияланды
Бұдан бөлек, кейбір жылдары зейнетақы қорына түскен жарналар көлемінен де көп қаражат шешіп алынған.
Сондай-ақ жинақтарды инвестициялау үдерісінен шығарып алу олардың инвестициялық табысының жоғалуына алып келеді. Ұзақ мерзімді перспективада бұл зейнет жасына жеткен кездегі жинақ көлемінің едәуір азаюына себеп болуы мүмкін.
Қазақстанда салымшылардың зейнетақы жинақтарындағы инвестициялық табыстың үлесі тұрақты өсіп келеді және қазіргі таңда шамамен 40%-ды құрайды. Ал халықаралық тәжірибеде бұл көрсеткіш, әдетте, 80%-дан асады.
Дамыған елдерде зейнетақы активтері инвестициялардың және экономиканың тұрақты өсімінің маңызды көзі саналады. Алдыңғы қатарлы мемлекеттерде жинақталған зейнетақы активтерінің көлемі ішкі жалпы өнімнің (ІЖӨ) 100%-ынан асады. Қазақстанда бұл көрсеткіш әзірге шамамен ІЖӨ-нің 16%-ын ғана құрайды.
Әлемдік тәжірибеде жинақтаушы зейнетақы жүйесінің негізгі міндеті – болашақтағы зейнетақы төлемдерін қамтамасыз ету. Сондықтан азаматтардың болашақ зейнетақысы үшін зейнетақы жинақтарын сақтап, олардың Қазақстан мен халықаралық нарықтарда ұзақ мерзімді инвестициялау арқылы одан әрі өсуін қамтамасыз ету маңызды.
Зейнетақы жинағының бір бөлігін сенімгерлік басқаруға беру қаншалықты тиімді?