Аймақтар • 18 Қаңтар, 2025
Қырық көлік қар құрсауында қалды
Қаңтар қарлатып, борандатып тұр. Күре жолдар бірде ашылып, бірде жабылады. Тау бөктеріндегі жолдарға көшкін түсіп, қауіп төндіріп тұрғаны және бар. Жуықта қар құрсауында қырыққа жуық көлік қалып, құтқарушылар қол созған.
Көрме • 27 Желтоқсан, 2024
Салбурынды суреттен тамашалады
Жаңа жыл қарсаңында төрт жыл қатарынан өтіп келе жатқан «Шығыс салбурыны» бүркітшілер сайысында түсірілген фотосуреттер іріктеліп, көрмеге қойылды. А.Пушкин атындағы кітапханада тұсауы кесілген көрме бір ай бойы өнерсүйер қауымды қуантады.
Аймақтар • 24 Желтоқсан, 2024
Тәжірибені шыңдайтын шеберхана
Жуықта Д.Серікбаев атындағы университетте ашылған Лу Бань шеберханасына бір жыл толды. Осы уақыт ішінде заманауи шеберхана толайым табыстарға жетті. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев келіп, Қазақстанның басқа аймақтарында да Лу Бань шеберханаларын ашу туралы тапсырма берді.
Тағайындау • 12 Желтоқсан, 2024
Өскемен қаласының жаңа әкімі тағайындалды
ҚР Президентінің Әкімшілігімен және қалалық мәслихат депутаттарымен келісе отырып, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Ақышов Алмат Талғатұлы Өскемен қаласы әкімінің лауазымына тағайындалды.
Жәдігер • 12 Желтоқсан, 2024
Марқакөл мен Катонқарағай арасындағы тау биігіндегі кең жазықта археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп, VII-IX ғасырларға жататын жауынгерлер мен жылқылардың жерлеу орындары табылған. Кейіннен сол орыннан табылған қимақ жауынгерінің жаңғыртпасы жасалып, облыстық тарихи-өлкетану музейіне ұсынылды.
Өндіріс • 06 Желтоқсан, 2024
Күршім ауданының Маралды ауылында алтын өндіру фабрикасы іске қосылып, 300 жұмыс орны ашылды. Тұрғындардың алды жұмысқа орналасып та үлгерді. Сонымен қатар кәсіпорын басшылығы тарапынан 200 отбасына ай сайын 170 мың теңге көлемінде көмек көрсетіліп отырмақ.
Өнер • 06 Желтоқсан, 2024
Өскеменде құрылған «Шабыт» студенттер театры 10 жылдық мерейтойларына орай көрерменге «Ақ келін» спектаклін ұсынды. Күлдіре отырып ой салатын қойылымды университет студенттерімен қатар мәдениет саласының қызметкерлері де тамашалаған.
Құқық • 05 Желтоқсан, 2024
Мыңнан аса жүргізуші жауапқа тартылды
Алкогольді ішімдік ішіп, көлік тізгіндегендерге заң қатаң. Десе де, тәртіпке бағынбайтын, ішімдікке сылқия тойып, рульде ағындайтындар қатары азаймай тұр. Айналдырған үш күннің ішінде облыс полицейлері 20-дан аса жүргізушінің масаң күйде көлік басқарғанын анықтаған.
Көрме • 29 Қараша, 2024
Облыстық музей-қорықта белгілі қылқалам шебері Құдаш Нұрсадықовтың «Құдірет» атты жеке сурет көрмесі ашылды. Музейді жағалап, өнерді бағалап келген елде есеп жоқ.
Жәдігер • 23 Қараша, 2024
Біраз жыл бұрын Елеке сазы аңғарындағы «Қаған» мемориалдық кешенінде ауқымды қазба жұмыстары жүргізіліп, алтыннан жасалған түркі қағаны бейнеленген белдіктің жапсырмасы табылған. Күні кеше облыстық тарихи-өлкетану музейінде сол белдіктегі бейнеге қарап сомдалған қағанның гипер реализм стиліндегі мүсіні ашылды.