Соңғы жаңалықтар
Қазақстан • 03 Қазан, 2017
Астанада бір күнде 350 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды
Осы жылдың қазан айының 2-4 аралығында еліміздің бас қаласында заңсыз көші-қон мәселесін болдырмауға байланысты «Нелегал» жедел-профилактикалық шарасы жүріп жатыр, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Аймақтар • 03 Қазан, 2017
Оңтүстікте суға шомылу және жылыту маусымындағы оқыс оқиғалар азайды
Оңтүстік Қазақстан облысында суға шомылу және жылыту маусымындағы оқыс оқиғалар саны өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда азайды. Бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиналысында облыстық төтенше жағдай департаментінің өкілдері мәлімдеді.
Үкімет • 03 Қазан, 2017
БҒМ-нің ақпараттық жүйелері виртуалды серверге көшеді
Бүгін Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Қазақстанда электронды білім беруді дамыту мәселелері қаралды. Онда электронды білім беруді енгізу бойынша ақпараттық-коммуникациялық саладағы министрліктің міндеттерін Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев жеткізді.
Үкімет • 03 Қазан, 2017
Азық-түлік тауарлары бағаларының маусымдық төмендеуіне қарамастан биылғы жылдың басынан бастап пияз, сәбіз, қызылша, қой еті және сиыр еті бағаларының өсімі байқалған. Сонымен қатар, жұмыртқа, қарақұмық, қырыққабат, қант және күнбағыс майы бағасының арзандауы тіркелген. Азық-түліктік емес тауарлар бойынша бағалардың ең көп өсімі дизель отынына, бензинге, сұйылтылған газға, маталарға, кеңсе тауарларына, аяқ киім мен қатты отынға қатысты болып отыр. Бұл туралы бүгін Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов айтты.
Үкімет • 03 Қазан, 2017
Электронды журналдарды енгізген мектептерде қағаз түріндегісін қолдануға тыйым салынады - БҒМ
Бүгін Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Қазақстанда электронды білім беруді дамыту мәселелері қаралды.
Қазақстан • 03 Қазан, 2017
«Астана 1» ақпараттық жүйесі іске қосылды
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Ғосман Әмрин атап өтті.
ЭКСПО-2017 • 03 Қазан, 2017
Ержан Бабақұмаров: ЭКСПО-2017 – жаңа жаһандық жобалардың бастамасы
ҚР Премьер-Министрі кеңсесі жетекшісінің орынбасары Ержан Бабақұмаров ЭКСПО-2017 көрмесі туралы пікірін білдірді.
Экономика • 03 Қазан, 2017
Мұнай-газ саласы: мүмкіндіктер мен міндеттер
Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын іске асыру: газ саласы және Қазақстанда мұнайды кеңінен өңдеу» тақырыбында баспасөз конференциясы өткен болатын.
Аймақтар • 03 Қазан, 2017
Ақтөбеде Қарттар күніне орай зейнеткерлер мен ардагерлерге 110 млн теңге аударады
Ақтөбеде халықаралық қариялар күніне арналған мерекелік іс-шаралар жалғасуда. Олардың ішіндегі ауқымдысы – облыс әкімінің бүгінгі салтанатты қабылдауы.
Аймақтар • 03 Қазан, 2017
ОҢТҮСТІК» АИО 41 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтыған
«ОҢТҮСТІК» Аймақтық инвестициялық орталығы облыс кәсіпкерлеріне жылына 7-8 пайыздық мөлшерлемемен жеңілдетілген несие беру арқылы оларға қолдау көрсетіп келеді. Бұл туралы бүгін ОҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығының Басқарма төрағасы Қуаныш Байтөре айтты.
Қазақстан • 03 Қазан, 2017
Елордада жұмыссыздық деңгейі 4,5% дейін төмендеді
2017 жылдың екінші тоқсанында Қазақстан астанасындағы жұмыссыздық деңгейі болжанған 4,7% емес, 4,5 % құрады деп хабарлады елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.
Үкімет • 03 Қазан, 2017
Бозымбаев бензиннің қымбаттау себебін түсіндірді
Бүгін Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысы барысында әлеуметтік маңызды тауарлар мен қызметтерге бағаның өсуіне жол бермеу шаралары қаралды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
Қазақстан • 03 Қазан, 2017
Астанада қылмыстық құқықбұзушылық төмендеді
Осы жылдың қаңтар-тамыз айларында қалада 23 595 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелді, ол өткен жылдың салыстырмалы кезеңінен 18, 1% төмен, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қазақстан • 03 Қазан, 2017
Қазақстан Қытайға газ экспорттайды
Қазақстан мен Қытай арасында бір жыл ішінде 5 млрд текше метр қазақстандық газ жеткізу туралы тарихи келісімшартқа қол қойылды. «ҚазТрансГаз» АҚ - ұлттық операторының күтілетін экспорттық түсімі шамамен 1 млрд АҚШ долларын құрамақ, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
Қазақстан • 03 Қазан, 2017
Астана әкімі қоғамдық көлікте тегін жүру ұсынысына түсініктеме берді
Астана әкімі Әсет Исекешев «Астана LRT» компаниясының қоғамдық көлік үшін әр пәтерден төлем жинау туралы ұсынысына түсініктеме берді, деп хабардайлы astana.gov.kz.
Президент • 03 Қазан, 2017
Назарбаев АҚШ Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
Қазақстан Президенті Америка Құрама Штаттарының Президенті Дональд Трампқа көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.
Үкімет • 03 Қазан, 2017
Үкімет Қазақстанда бизнес ортаны одан әрі жақсарту бойынша шаралар пакетін әзірледі
Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен ҚР Үкіметі отырысында «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы қаралды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
Қазақстан • 03 Қазан, 2017
Журналист деген қауымның шапаны жұқа, кейде тірлігі жұпыны болғанымен қоғамдағы жақсылық пен әттеген-айларды қозғау жағынан алдыңғы сапта тұратыны анық.
Аймақтар • 03 Қазан, 2017
Сұлтанбет сұлтан сарайы салынды
Бұл тарихи, рухани маңызды мақсатты облыс орталығындағы мемлекеттік педагогикалық институт негізінде құрылған «Margulan Centre» аймақтық археологиялық орталығының ғалымдары «Туған жер» бағдарламасы аясында жүзеге асырды.
Аймақтар • 03 Қазан, 2017
Орал қаласында КСРО және Қазақстан халық әртісі, белгілі дирижер Шамғон Қажығалиевтің туғанына 90 жыл толуына орай III республикалық дирижерлар конкурсы өтті.
Әдебиет • 03 Қазан, 2017
Тақырып ә дегенде өткен тарихтың жылнамасынан сыр шертетін тарихи әпсана тәрізді көрінуі әбден мүмкін кей оқырманға.
Қазақстан • 03 Қазан, 2017
Жұмысшыларына үй салып берген кәсіпкер
Ақмола өңірінің Сандықтау ауданында «Свобода» ЖШС басшысы Александр Закусилов өз қызметкерлерінің баспана мәселесін шешіп берді.
Әлем • 03 Қазан, 2017
Жексенбі күні өткен референдумда Каталония халқының 90 пайызы тәуелсіз ел болуды қолдап шықты. Испания билігі референдум өткізудің заңға қайшы екенін мәлімдеп, дауыс беруге келгендерді күшпен таратуға талпынды.
Үкімет • 03 Қазан, 2017
БҒМ білім берудің негізгі трендтерін атады
Үкіметтің бүгінгі отырысында Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев қазіргі білім берудің негізгі екі трендін атады, деп xабарлайды ҚазАқпарат.
Үкімет • 03 Қазан, 2017
Т. Сүлейменов: Қазақстанда инфляциялық үдерістердің баяулағаны байқалады
Бүгін Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2017 жылдың 9 айындағы инфляция деңгейі және оны ағымдағы жылдың соңына дейін ұстап тұру шаралары туралы мәліметтер қаралды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
Қазақстан • 03 Қазан, 2017
Бүгін Түркітілдес елдердің ынтымақтастық күні
Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесін құру туралы Нахчыван келісіміне қол қойылған 3 қазан Түркітілдес елдердің ынтымақтастық күні ретінде аталып келеді.
Футбол • 03 Қазан, 2017
Ел футболы: ширек ғасырлық шежіре
Отандық футболдың жай-күйі бәрімізге мәлім. Қазіргі кейбір жанкүйерлер мен мамандар «Астананың» Еурокубоктағы табысымен қазақ футболының дамуын бағалайтын болған. Шындығында елорда клубында негізінен легионерлер өнер көрсетеді. Ал қазақ футболының қай деңгейде екенін байқау үшін жастар және ұлттық құраманың көрсеткіштеріне қарау керек.
Аймақтар • 03 Қазан, 2017
Тарихымыздың ұрпақ ұмытпайтын тағылымы
Халқымыз тарихында жерді, елді сыртқы жаудан қорғаған, Тәуелсіздікті аңсап, бодандыққа қарсы бас көтерген батырлар да, қайраткерлер де жетерлік.
Әдебиет • 03 Қазан, 2017
Герман Мелвилл жауһар роман – «Моби Дикті» қалай жазды?
Құрама Штаттардың әдебиет тарихында Герман Мелвилл шығармашылығы аса көрнекті дара құбылыстар қатарына жатады. Жазушы америкалық сөз өнері классиктерінің ортасынан ойып орын алғалы қашан. Ал оның ғажап туындысы «Моби Дик немесе Ақ Кит» әлем әдебиеті жауһарларының бірінен саналса, бұл да әбден заңды, әділетті ақиқат.
Әдебиет • 03 Қазан, 2017
Жайдары Әбіш, жабырқау Әбіш...
«Бес күн тірлікте...» – осынау терең мағыналы тіркесті тілімізге енгізген Әбіштің өзі еді, сол бес күн тірлікте бір ізбен жүріп, бір ізбен тұратын робот болмаған соң, жан иесі орайына қарай әзіл-шыны аралас басы артық-кем сөз айтпай тұрмайды. Әбіш көңілге қарағыш елгезек, айтылған ой-пікірге сергек, ауызға берік ұстамды, біртоға сабырлы мінездің адамы болғанымен, ет жақын етенелері арасында ақжарқын, әзіл-қалжыңға ұста, қазақы қағытпаға барынша мергендігімен ерекшеленетін. Ол әсіресе жеңгелері Қабиболла үйіндегі Гүлшат, Меңдекеш үйіндегі Рузия, Есенжол үйіндегі Сәуле, Жұмекен үйіндегі Нәсіп, біздің үйдегі Алтыншашпен әзілдескенде бір сөзден бір сөзді балалатып, зілсіз әжуаны біраз бел асырып тастайтын. Әсіресе Фаризаны көргенде беті көлденеңінен жайылып, тышқан көрген мысықтай тісі қышып сала беретіні де жасырын емес. Әншейінде басынан сөз асырмайтын Фариза Әбіштің шымшымаларына мен көргенде ешқашан кейіс қабақ танытқан емес.