• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Күрес 18 Мамыр, 2017

Алмагүл сенімді ақтады

154 рет
көрсетілді

Павлодарда дзюдодан халықаралық турнир өтті. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Батырбек Сейсенбаевты еске түсіруге арналған дода биыл жиырмасыншы мәрте жалау көтерді.

Дүбірлі бәсекеге еліміздің өңір­лерінен бөлек, Өзбекстан, Қырғызстан, Грузия, Ресейден спорт­шылар қатысты. Дзюдо­шы­лар 14 салмақ дәрежесі бойынша сын­ға түсті.  Жарыстың салтанатты ашылу рәсіміне Павлодар қаласының әкі­мі Нұржан Әшімбетов, дзюдодан Бейжің Олимпиадасының кү­міс жүлдегері, Қазақстан Дзюдо фе­дерациясының даму жөніндегі ди­ректоры Асхат Житкеев қа­тыс­ты.  – Халықаралық турнир – дзю­дошылардың шеберлігін шыңдайтын тамаша мектеп. Дәс­түр­лі доданың деңгейі уақыт өт­кен сайын өсіп келеді. Сон­дық­тан, мұндай жарыста бақ сынау жас- тарды жігерлендіре түседі. Сон­дай-ақ, турнирдің шет елдерде де таныла бастауы қуантады, – дей­ді Асхат Житкеев.  Өкінішке қарай, халықаралық тур­нирден павлодарлық спорт­шы­ларға бір күміс жүлде ғана бұй­ырды. Оны 78 килодан жо­ғары салмақ дәрежесінде сын­ға түскен Алмагүл Кашина иеле­н­ді. Жергілікті бапкерлер сенім арт­қан Арман Махамбетов, Серік Сәл­ме­нов, Адам Богатырев, Ирина Кривенко сынды спортшылар жүлде ауылынан тыс қалды.  Әйелдер арасында қара­ған­дылық Әйгерім Төреғо­жи­на (48 кг), Назгүл Елмұратова (ШҚО, 52 кг), Ксения Бельдягина (Қы­р­ғызстан, 57 кг), Назгүл Құбашева (Аты­рау, 63 кг), Жанар Қашқын (Ал­маты облысы, 70 кг) және Арай­лым Шегенова (Жамбыл об­лысы, 78 кг) өз салмақтарында же­ңімпаз атанды.  Ерлер бәсекесінде Қылыш Ерен­ғ­айыпов (Қарағанды, 60 кг), Ерлан Жақсыбеков (Қызылорда, 66 кг), Айдын Дартаев (Қарағанды, 73 кг), Фархат Серіков (Атырау, 81 кг), Алмас Акрашев (ШҚО, 90 кг), Мақсат Иссағабылов (Қызылорда, 100 кг) және Ерасыл Қажыбаев (ШҚО, 10 килодан жоғары) үздік шықты.

Фархат ӘМІРЕНОВ, журналист

ПАВЛОДАР

Суретті түсірген  Валерий БУГАЕВ  

Соңғы жаңалықтар