• RUB:
    6.35
  • USD:
    514.5
  • EUR:
    582.67
Басты сайтқа өту
19 Наурыз, 2010

БІЗ СІЗДЕРМЕН БІРГЕМІЗ

891 рет
көрсетілді

Алматы облысы, Ақсу ауданы Қызылағаш ауылында су тасқынынан зардап шеккендерге Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті тарапынан 1 млн. теңге көлемінде ақшалай көмек көрсетілуімен қатар, “Жақыныңа жәрдемдес” акциясының аясында кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен университеттің профессор-оқытушылары киім-кешек, ыдыс-аяқ, азық-түлік, т.б. тұрмыстық заттармен қамтамасыз етуді қолға алуда. Сонымен қатар, апат болған ауылдардан келген университеттің мемлекеттік білім гранты негізінде оқитын 4 студенттің әрқайсысына 20 мың теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілсе, ақылы негізде оқитын 3 студентке университет ректорының гранты тағайындалды. Шәмша БЕРКІМБАЕВА, Қазақ қыздар педагогикалық университетінің ректоры.