• RUB:
    6.62
  • USD:
    519.64
  • EUR:
    609.23
Басты сайтқа өту
Президент 26 Шілде, 2019

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады

380 рет
көрсетілді

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Президентіне 2019 жылдың бірінші жартыжылдығындағы елорданың әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде мәлімет берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Алтай Көлгіновке қаладағы салынып жатқан құрылыс нысандарының қарқынын күшейту, қолжетімді баспана салу, инвестиция тарту ісін жандандыру және жаңа жұмыс орындарын ашу, сондай-ақ әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың тұрмысын жақсарту үшін бірқатар тапсырма берді.