• RUB:
    6.6
  • USD:
    519.51
  • EUR:
    611.83
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Наурыз, 2020

Алматыда ұрлық-қарлық екі есе азайды

301 рет
көрсетілді

Алматы қаласында қылмыстың төмендеу үрдісі байқалады. Бұл туралы бүгін Алматы қалалық полиция Департаменті Баспасөз қызметі хабарлады.

«Қалада қылмыс 57,4% төмендеді.  Нақты айтқанда, ұрлық-қарлық 44,4% азайды. Көшеде және қоғамдық орындарда жасалатын қылмыстар саны 55,5%-ға азайды. Сонымен қатар, Жедел штабтың бұйрығына сәйкес полиция қызметкерлері биылғы жылдың 19 наурызынан бастап  карантиндік аймақтар-инфекция ошақтары қоршалды.

Бүгінгі таңда қалада инфекция ошақтары бар, қоғамдық тәртіпті сақтауға 125 полиция қызметкері тартылған.

Әрбір мекен-жайда полиция қызметкерлерімен бірге аудан әкімдіктерінің қызметкерлері және санитарлық-эпидемиологтар жұмыс істейді.

Инфекция ошақтары мен бекеттерде қоғамдық тәртіпті бұзуға жол берілмеді», ­ – дейді Алматы қалалық полиция Департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қанат Таймерденов.

 

АЛМАТЫ