• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Медицина 21 Шілде, 2020

Әлемде жаппай вакцинация 2021 жылдың екінші жартысында басталуы мүмкін

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Бағдарламалар жөніндегі Бас директорының орынбасары Сумия Сваминатанның айтуы бойынша COVID-19-ға қарсы әлем жұртшылығын жаппай вакцинациялау 2021 жылдың екінші жартысында басталуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz

"Бүгінгі күнге дейін 20 вакцина-үміткер кликалық тәжірибеден өтуде. Солардың қатарынан вакцина шығатынына үміттіміз", дейді Сумия Сваминатан. 

Сондай-ақ клиникалық тәжірибелердің нәтижелері алдағы жылдың басында-ақ мәлім болады деп болжанып отырғанына тоқталды. Мұнан соң вакцина өндіріске жіберіліп, өнім дайын болысымен, 2021 жылдың ортасынан жаппай вакцинациялауға кірісу жоспары барлығын айтты.

Соңғы жаңалықтар