• RUB:
    6.63
  • USD:
    519.58
  • EUR:
    609.36
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Қаңтар, 2021

Қызылорда – Құмкөл автожолындағы жол апатынан 5 адам қайтыс болды

1005 рет
көрсетілді

Бүгін түс ауа Қызылорда - Құмкөл  автожолының 69-шақырымында «Мерседес Бенц Спринтер» мен «Тойота Хайлюкс» автокөліктері  соқтығысқан.

Жол – көлік оқиғасы салдарынан екі автокөліктің жүргізушілері мен бір жолаушы оқиға орнында қайтыс болған, екі жолаушы медициналық мекемеде жантәсілім етіпті. Қалған 5 жолаушыға медициналық көмек көрсетілді.

Оқиға орнында полиция қызметкерлері, төтенше жағдай және медицина қызметкерлері жұмыс жасап жатыр.  Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның мән – жайы анықталуда.