• RUB:
    6.65
  • USD:
    521.57
  • EUR:
    601.01
Басты сайтқа өту
Қоғам 24 Ақпан, 2021

1 наурыздан бастап «жасыл аймақтағы» барлық мешітте жұма намазы оқылады

233 рет
көрсетілді

Бүгін Премьер-Министр орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Қазақстан аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

7 күн бойы «Жасыл аймақта» тұрған өңірлерде осы жылдың 1 наурызынан бастап жұма намазын өткізуге (30 пайызға дейін) және жерлеу рәсімін өткізуге рұқсат етілді. 

Айта кетсек, жуырда ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы елордада Денсаулық сақтау министрі Алексей Цоймен, сондай-ақ Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясовпен арнайы кездесіп, коронавирус инфекциясының таралуы бойынша қауіпсіз «жасыл аймақта» орналасқан өңірлердегі мешіттерде жұма намазын оқуға рұқсат беру туралы ұсынысын жеткізген еді.