• RUB:
    6.34
  • USD:
    510.58
  • EUR:
    571.8
Басты сайтқа өту
Оқиға 02 Маусым, 2021

Қарағанды облысында алып жүк көлігі автокөлікті басып кетті

731 рет
көрсетілді

Қарағанды облысында алып жүк көлігі жеңіл автокөлікті тас-талқан етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Видео әлеуметтік желіде жарияланды. Хабарланғандай, оқиға Қарағанды ​​облысындағы карьерлердің бірінде болған. Апат кезінде Сузуки көлігінің салонында үш ер адам болған.

Оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Қарағанды ​​облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі видеоға қатысты түсініктеме берді.

Ведомство өкілдері жедел-тергеу тобы оқиға орнында жұмыс істеп жатқанын айтты.