• RUB:
    6.3
  • USD:
    509.51
  • EUR:
    570.6
Басты сайтқа өту
Үкімет 08 Маусым, 2021

Ресей Президенті Асқар Маминді «Достық» орденімен марапаттады

335 рет
көрсетілді

Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан премьер-министрі Асқар Маминді марапаттады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Ғарыш кеңістігін зерттеу және пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға, халықтар арасындағы достықты нығайтуға қосқан зор үлесі үшін Қазақстан Республикасының премьер-министрі Асқар Ұзақбайұлы Мамин «Достық» орденімен марапатталсын»,  делінген жарлықта.

Ресей президентінің жарлығы ресми интернет-порталда жарияланды.

Асқар Мамин премьер-министр лауазымына 2019 жылғы ақпанда тағайындалған. Бұған дейін 2016 жылғы қыркүйектен бастап ол премьер-министрдің бірінші вице-премьері болды. 2008-2016 жылдары «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы АҚ-ты басқарған.

Соңғы жаңалықтар