• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем 26 Қараша, 2021

Францияның Мартиника аралында коменданттық сағат енгізілді

22 қарашадан бері аралда тәртіпсіздіктер басталған, деп жазады Egemen.kz.

Мартиника тұрғындары әлеуметтік дағдарыс пен ковид-рұқсатнамаларын енгізуге қарсы наразылық білдіріп жатыр. 

Кариб теңізіндегі Францияның шетелдегі территориясы Мартиника аралының билігі демонстрациялар кезінде коменданттық сағат енгізді.

Шектеу жергілікті уақыт бойынша 19:00-ден 05:00-ге дейін әрекет етеді. 

Тәртіпсіздік кезінде 11 адам ұсталған. 

Наразылық акциясы кезінде демонстранттар көптеген көліктер мен қоқыс жәшіктерін өртеп, жолдарға тосқауыл орнатқан.

Соңғы жаңалықтар