• RUB:
    6.63
  • USD:
    519.58
  • EUR:
    609.36
Басты сайтқа өту
Жекпе-жек 03 Ақпан, 2022

Стерлингті жылататын боламын – Петр Ян

395 рет
көрсетілді

Ресейлік аралас жекпе-жек шебері Петр Ян UFC 273 турнирі аясында 9 сәуір күні өтетін Алджэмейн Стерлингке қарсы шайқас туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz championat.com-ға сілтеме жасап.

«Көңіл-күйім керемет. Алдағы жекпе-жекте қарсыласымды жеңемін. Сол үшін дайындықты мықтап пысықтап жатырмын. Стерлинг шайқастан қашып құтыла алмайды. Өйткені әлем чемпионы атағы мен қомақты қаражат сарапқа салынады. Бұл – оның жалғыз мүмкіндігі. Оны октагонда жылататын боламын. Қолдан келгенше мерзімінен бұрын жеңуге тырысамын. Сол бағытта талмай тер төгіп, аянбай еңбектенудемін», дейді, ресейлік спортшы.