• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Ақпан, 2022

Ескерткішке қойылған гүл шоғырын өртеп жіберген адам іздестірілуде

Бұл жайында Павлодар қаласының әкімі Асайын Байханов Іnstagram парақшасында жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

- Бүгін түскі сағат 12:00-де қалада құқықбұзушылық тіркелді. Бітімгершілер саябағында Назарбаев - Жаяу Мұса көшелерінің қиылысында тәжік-ауған соғысынан әскерлердің шығарылуына арналған ескерткіштің жанына қойылған гүл шоғырын өртеп жібергені анықталды, - деп жазады Асайын Байханов.

Қазіргі уақытта Павлодар қалалық полиция басқармасы оқиғаға қатысы бар адамдарды анықтау үшін жедел іс-шаралар жүргізуде.

Соңғы жаңалықтар