• RUB:
    6.65
  • USD:
    521.57
  • EUR:
    601.01
Басты сайтқа өту
Қазақстан 28 Наурыз, 2022

Халықаралық кодтардан түсетін қоңыраулар «Қазақстан» деп көрсетіледі

188 рет
көрсетілді

Ендігіде «+77» және «+76» халықаралық кодтардан түсетін қоңыраулар «Қазақстан» деп көрсетіледі деп хабарлады Egemen.kz Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.

«Apple компаниясымен бірге көпшілікті алаңдатқан бір мәселені реттедік – енді «+77» және «+76» халықаралық кодтардан түсетін қоңыраулар «Қазақстан» деп көрсетіледі. Apple өтінішімізді барынша жылдам қарастырып, бізге ықылас танытқанын атап өткім келеді. Сөйтіп iOS 14 қолдайтын iPhone 6 және одан кейінгі құралдардағы аталған проблема шешілді», деп жазды Бағдат Мусин әлеуметтік желіде.