• RUB:
    6.34
  • USD:
    510.58
  • EUR:
    571.8
Басты сайтқа өту
Қазақстан 15 Қаңтар, 2023

Полицейлер Алматы-Маңғыстау пойызындағы жанжалға қатысты түсініктеме берді

180 рет
көрсетілді

Әлеуметтік желіде Алматы-Маңғыстау бағытындағы жолаушылар пойызында поезд бастығы мен 37-жастағы жолаушы арасындағы болған жанжалдың видеосы тарады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ішкі істер министрлігі аталған оқиғаға қатысты пікір білдірді.

«2022 жылғы 30 желтоқсанда Тараз станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлерімен Алматы-Маңғыстау бағытындағы жолаушылар пойызында поезд бастығы мен 37-жастағы жолаушы арасында орын алған құқықбұзылушылыққа қатысты  ҚР Қылмыстық кодексінің 389-бабының 1-бөлігі (Өзінше билік ету) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған еді. Қазіргі уақытта қылмыстық іс аумақ бойынша Шымкент станциясындағы желілік полиция бөлімімен тергеп-тексерілуде.

Бұған қоса, алғашқы тексеруде поездың 37 жастағы жолаушысы ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 204-бабы (Қоғамдық орында сауда сату) және 434-бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ пойыз бастығы аз. Р-ға қатысты ҚР ӘҚБК-нің 434 бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды», деп жазылған Polisia.kz таратқан ақпаратта.2023 жылғы 17 қаңтарда жоғарыда аталған әкімшілік істер Тараз қаласының Арнайы мамандырылған әкімшілік сотына жолданады.