• RUB:
    6.63
  • USD:
    520.39
  • EUR:
    609.58
Басты сайтқа өту
Теннис 10 Ақпан, 2023

Дэвис кубогінде Қазақстан құрамасы сырт алаңда Болгариямен кездеседі

230 рет
көрсетілді

Дэвис кубогі бірінші әлемдік тобы матчтарының жеребесі тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚТФ-ға сілтеме жасап.

Қазақстандық ерлер құрамасы сырт алаңда Болгариямен кездеседі. Осыған дейін қос құраманың жолдары тоқайласқан жоқ.

Матч 16-17 немесе 17-18 қыркүйек күндері өтеді. Болгарияны жеңген жағдайда Қазақстан командасы 2024 жылдың ақпанында командалық әлем чемпионатының іріктеу матчында ойнайды.

Биыл 4-5 ақпанда Юрий Щукиннің шәкірттері Дэвис кубогінің іріктеу сайысында Ла Серена қаласында Чили құрамасына жол берген болатын.