• RUB:
    6.3
  • USD:
    509.51
  • EUR:
    570.6
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Шілде, 2023

Баянауыл ұлттық табиғи паркінің аумағындағы өрт сөндірілді

253 рет
көрсетілді

Бүгін Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағындағы өрт сағат 19:34-те толығымен сөндірілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

7 шілде сағат 12.50-де Павлодар облысы Баянауыл ауданының Жаңатілек ауылынан 3 км қашықтықта Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында құрғақ шөптер мен бұталар өртенген.

Өрттің болжамды ауданы 548 га. Өрт сағат 19:00-де оқшауланып, сағат 19:34-те толығымен сөндірілді.

Өртті сөндіруге орман шаруашылығының, Павлодар облысының ТЖД, жергілікті атқарушы органдардың, ерікті өртке қарсы құралымдардың күштері мен құралдары жұмылдырылды.