• RUB:
    6.3
  • USD:
    509.51
  • EUR:
    570.6
Басты сайтқа өту
Президент 14 Қыркүйек, 2023

Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстанға жұмыс сапарымен барды

254 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Эмомали Рахмонның шақыруымен Тәжікстан Республикасына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сапар аясында Қазақстан Президенті Орталық Азия мемлекеттері басшыларының V Консультативтік кездесуіне және Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттер басшылары Кеңесінің отырысына қатысады деп жоспарланып отыр.

Душанбе халықаралық әуежайында Мемлекет басшысын Тәжікстан Премьер-министрі Кохир Расулзода қарсы алды.

Соңғы жаңалықтар