• RUB:
    6.3
  • USD:
    509.51
  • EUR:
    570.6
Басты сайтқа өту
Спорт 08 Наурыз, 2024

Лицензиялық турнир: Алуа Балқыбекова алғашқы қарсыласын еліне қайтарды

177 рет
көрсетілді

Италия елінің Бусто-Арсицио шаһарында өтіп жатқан лицензиялық турнирде бұрымды боксшымыз 50 келі салмағындағы бірінші жекпе-жегін өткізді, деп жазады Egemen.kz.

3 раунд бойы қарсыласының аптығын басып, алғашқы екі раундта қажетті ұпайын алған және соңғы раундты (үш минут) сауатты өткізген Алуа Балқыбекова чехиялық Клаудия Тотованы 5:0 көрсеткішімен жеңді. 

Айта кетсек, әлем чемпионатының 2 мәрте жүлдегері Алуа Балқыбекова алғаш рет Олимпиада жолдамасына таласып жатыр.

Отандасымыздың келесі жұдырықтасуы 10 наурызда өтеді.