• RUB:
    6.3
  • USD:
    509.51
  • EUR:
    570.6
Басты сайтқа өту
Спорт 09 Наурыз, 2024

Жолдамаға бір қадам: Валентина Хальзова әлем чемпионын жеңді

650 рет
көрсетілді

Бірінші айналымды автоматты түрде артқа тастап, доданы 1\8-финалдан бастаған Валентина Хальзова бүгін түрік боксшысымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

2021 жылы әлем чемпионы атанған түркиялық Бурса Исилдармен жұдырықтасқан 75 келі салмақтағы Валентина Хальзова қарсыласын 4:1 есебімен жеңді. Аталған жекпе-жектің толық нұсқасын Qazsporttv-дің YouTube арнасынан тамашалауға болады.

Бусто-Асрицио (Италия) қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирде отандасымыз енді 11 наурызда ширек финалдық айқасқа шығады, жеңсе Париж Олимпиадасы лицензиясын алады.