• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Сәуір, 2024

Атырауда тұрғын үй өртеніп, 60 адам эвакуацияланды

Атыраудағы көпқабатты үйлердің бірінен өрт шықты, деп жазады Egemen.kz.

20 сәуір күні сағат 17:50 шамасында тұрғын үйден өрт шықты.

«Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Атыраудағы көпқабатты үйлердің бірінен өрт шыққанын байқап, дереу тұрғындарға көмекке келді. Полицейлер 10 минуттың ішінде 60 адамды эвакуациялады. Сондай-ақ, ішінен құлыптанып қалған 2 қарияның пәтеріне есікті бұзып кіріп, қауіпсіз жерге шығарып үлгерді», делінген Атырау облыстық полиция басқармасының хабарламасында.

Тілсіз жаудан зардап шеккендер жоқ. 

 

Соңғы жаңалықтар