• RUB:
    6.62
  • USD:
    519.64
  • EUR:
    609.23
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Мамыр, 2024

Атырауда ауыз судан 800-ге жуық сынама алынды

140 рет
көрсетілді

Атырау облысында төтенше жағдай режимі жарияланғалы бері ауыз судан 800-ге жуық сынама алынған, деп жазады Egemen.kz.                                                                    

Ауыз судан алынған 800-ге жуық сынаманың 24 жағдайында судың лайлылығы, дәмі гигиеналық нормативке сай болмай шықты.

«Мамандар су қондырғыларын тазалау жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ ашық су көздерінен 98 сынама алынды. Тасқын болып жатқан аумақтарда судың сапасын бақылауға арналған жұмыстар күшейтіліп жатыр», деді облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы Айгүл Сабырқызы.