• RUB:
    6.62
  • USD:
    519.64
  • EUR:
    609.23
Басты сайтқа өту
Спорт 03 Шілде, 2024

Білек пен білім бәсекесі

80 рет
көрсетілді

Спорттың әйгілісі шахмат пен бокс­ты кім білмейді? Бірақ шах­бокс­ті естігендер некен-саяқ.

Атауынан аңғарғанымыздай, бұл бәсеке шахмат пен бокстың қосындысы. Аталған ойынның концепциясы Энки Билалдың «Froid-Equateur» роман-комиксіне негізделіп жасалған. Кейін Ипе Рубинг бұл қиялды шынайы өмірде іске асырды. Жарыс барысы қалай болатыны кім-кімге де қызық шығар? Жалпы, ойын 11 раундтан тұрады. Тақ санды раундтарда – қарсыластар шахмат ойнап, ми «жарыстырса», жұп санды раундтарда қолғап түйістіріп, физикалық күштің көмегіне жүгінеді. Жеңімпаз нокаутқа немесе мат қоюға байланысты анықталады.