• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қазақстан 05 Шілде, 2024

Төрт қалада террористік қауіптің «сары» деңгейі алынды

190 рет
көрсетілді

Астанада ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының саммиті мен Қытай Халық Республикасы Төрағасының мемлекеттік сапары аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Осыған байланысты Астана, Алматы, Қарағанды, Көкшетау қалаларында 4 шілденің 23 сағат 59 минутынан террористік қауіптіліктің «сары» деңгейі алынып тасталынды.   «Күштік құрылым бөлімшелері штаттық режимдегі жұмысқа көшеді», делінген Терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық жедел штаб хабарламасында.