Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ақорда хабарламасында: «Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы Цифрлық инклюзия және трансформация жөніндегі Азия-Тынық мұхиты министрлік конференциясын ұйымдастыру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», делінген. Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.